Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/760277?lang=kk
2024 жылғы 27 сәуірде «Бірге таза Қазақстан!» республикалық экологиялық ациясы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палатасының депуттаттары, Үкімет мүшелері, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері, спортшылар, қоғам қайраткерлері және т. б. қатысты.
Министрлік қызметкерлері Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығымен, еріктілермен, елордалық жоғары оқу орындарының студенттерімен бірлесіп, «Бірге таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қосшы қаласында Нұра өзенінің бойында сенбілік өткізді.
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуда ел халқын біріктіру.
Акция бүкіл Қазақстан бойынша өтті, барлық бей-жай қарамайтын азаматтар сенбілікке өз өңірлерінде қосылып, туған өлкенің экологиясын жақсартуға үлес қосты. Акцияның ұраны «Бірге біз өз елімізді таза ете аламыз!».
Сондай-ақ, жыл сайынғы «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» экологиялық акциясы аясында Министрлік қызметкерлері Астана қаласының жасыл белдеуі аумағында 2000-нан астам көшет отырғызды.
Ағаш отырғызу – бұл сөзбен емес, іс жүзінде Отанға деген сүйіспеншілік білдіретін асыл істердің бірі. Ағаш отырғызу – бұл жерде із қалдырудың тамаша мүмкіндігі.
Тек ағаш отырғызу акцияларына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 25 000-ға жуық адам қатысты, 100 000-ға жуық ағаш отырғызылды.
Осы акцияға қатысқаны үшін біздің үлкен Отанымыздың азаматтарына алғыс айтқымыз келеді.