Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/760338?lang=kk
27 сәуір күні ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына арнайы іссапармен келді.
Сапар мақсаты 26 сәуірде Бородулиха филиалы аумағында орын алған өрт жағдайы және өрт қауіпті маусымға дайындық сапасын талқылау.
Жиынға Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков, ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысы Ермек Белгебаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Абай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Манарбек Шапағатов, Абай облысы бойынша полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Базаров, Абай облысы бойынша полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің басшысы Әсет Утепов, Абай облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы Мақсат Елемесов қатысты.
Жиынға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев төрағалық етті.
Жиында төмендегідей мәселелер талқыланды:
– өрт қауіпті маусым кезеңінде өрт бола қалған жағдайда өрт сөндіру барысы жайлы ақпарат жедел әрі нақты болуы үшін хабарландыру алгоритмін жасау;
– Бородулиха және Бесқарағай аудандарындағы орман қоры аумағын авиапатрульдік бақылау үшін екі МИ-2 тікұшағының орналасуын жеделдету;
– ерекше қорғаудағы табиғи аумақтағы барлық электр желілеріне ревизия жүргізу, сондай-ақ электр желілері астындағы минералданған жолақтарды қоқыстардың бар-жоғын тексеру.
– орман өртін сөндіру кезінде жедел жұмыстар жүргізу үшін қауіпті аймақтарды (Семей орманы мен Ертіс орманы) командалық-штабтык көліктермен қамтамасыз ету.
Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев жоғарыда аталған мәселелерді орындауды жеделдету бойынша тапсырмалар берді.
Кеңестен кейін мониторинг жүргізу және ықтимал өрттердің таралуына ықпал ететін ықтимал қауіптерді анықтау үшін “Семей Орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағын аэровизуалды тікұшақпен ұшу жүргізілді.