Ақмола облысында Road «Таза Қазақстан» эстафетасы басталды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/788978?lang=kk

Ақмола облысының Аршалы ауданында «Таза Қазақстан» Road эстафетасы басталды. Оның салтанатты ашылуына Қазақстанның экология министрі Ерлан Нысанбаев, «Aманат» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, депутаттық корпустың өкілдері, «Жасыл даму» АҚ, «Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өндірушілер қауымдастығы», жұртшылық және эковолонтерлер қатысты.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының барлық кезеңінде биылғы жылдың 23 наурызы мен 11 мамыры аралығында оған 745 мыңнан астам адам қатысты, акция аясында 160 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, 330 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

Ағаш отырғызу 20 сәуірде еліміздің оңтүстік өңірлерінде, ал 27 сәуір мен 11 мамырда бүкіл Қазақстан бойынша орман отырғызу күні аясында жүргізілді.

Сонымен қатар, 19 наурыз бен 19 сәуір аралығында экология министрлігі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елордалық оқушылар арасында «Қазақстан экологиясын жақсартуға қандай үлес қосамын?» тақырыпты шығармашылық жазба жазу конкурсын ұйымдастырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал 60 жұмыстың авторлары ынталандыру силықтарына ие болды.

«Бүгін, жалпыұлттық акция автомобиль жолының жол бойындағы аумағын қоқыстан тазарту бойынша Road-эстафетаның басталуымен жалғасуда. Іс-шара бүгін Аршалы кентінде басталып, 14 маусымда Қонаев қаласында аяқталады. Эстафетаға маршрут бойынша орналасқан облыстар мен қалалардың белсенділері мен еріктілері қатысады.

Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіріп, эстафетаның барлық қатысушыларына ашық жол тілеймін!»,- деді өз сөзінде Е. Нысанбаев.