Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/791311?lang=kk
Корея Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасындағы Париж келісімінің 6-бабы бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумына қол қойылды.
Аталған меморандум 2015 жылғы 12 желтоқсанда қабылданған Париж келісімінің жаһандық температураны индустриалды дәуірге дейінгі деңгейден 2 градустан төмен ұстап тұруға күш салу және 1,5 градусқа дейін шектеуге күш салу мақсаттарына қол жеткізуге, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы екіжақты ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған.