«Ертіс орманы» резерватының дайындығын тексеру

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/816765?lang=kk

Бүгін жұмыс сапары аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаев «Ертіс орманы» табиғи резерватына барды.

Министр орман өрт сөндіру станцияларын қарап, өрт сөндіру техникасын, жабдықтары мен құралдарын тексерді.

Жаңа өрт сөндіру станцияларын салу мәселесі көтерілді.

Шалдай филиалының орталық орман өрт сөндіру станциясына келгеннен кейін Бас директордың м.а. К.Аметов Министрды өртті ерте анықтау жүйесін және орман тұқымбағының жұмыс жүйесімен таныстырды.