Пәкістанның Қазақстандағы Елшісімен кездесу

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/817360?lang=kk

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев Пәкістанның Қазақстандағы Елшісі Науман Баширмен және оның орынбасарымен кездесу өткізді. Кездесу аясында Шығын және залал жөніндегі Қордың кеңес қызметіне басты назар аударылды, сондай-ақ вице-министр осы Қордың балама мүшесі болып тағайындалуда Қазақстанға көрсетілген қолдауды атап өтті.

Кездесу барысында Жасыл климаттық қормен ынтымақтастық перспективалары туралы пікірталастар өткізілді, атап айтқанда, 2025-2027 жылдарға арналған ЖКҚ бесінші Басқарма кеңесінің мүшелерін іріктеу процесі талқыланды.

Сонымен қатар, екі тарап БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясына (СОР29) жоспарларын талқылады, климаттың өзгеруіне қарсы күресте өршіл мақсаттарға қол жеткізудің және парниктік газдар шығарындыларын азайту және тұрақты дамуға жәрдемдесу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар Париж келісімінде және климаттың өзгеруі саласындағы басқа да халықаралық құжаттарда баяндалған мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.