СОР 29 күн тәртібінің негізгі мәселелерін талқылау үшін делегация басшыларының кездесуі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/818610?lang=kk

Ағымдағы жылдың 26-27 шілдесінде Шемахе қаласында (Әзірбайжан) СОР29 күн тәртібінің негізгі мәселелерін талқылау үшін делегация басшыларының кездесуі өтті.

Бұл кездесуге климат жөніндегі келіссөздерге белсенді қатысатын 40-тан астам елдің өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыста және топтарда климаттың өзгеруіне қарсы шараларды қаржыландырудың жаңа Ұжымдық сандық мақсаты (NCQG), Париж келісімінің 6-бабы, бейімделу және жеңілдету сияқты мәселелер талқыланды.

СОР 29 бас келіссөз жүргізушісі-Әзірбайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ялчин Рафиев өз сөзінде климатты қаржыландыру жөніндегі жаңа Ұжымдық сандық мақсаттың (NCQG) мәтінін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, Тараптарды өз күштерін жандандыруға шақырды.

Сондай-ақ, CОР 29 төрағалығының екінші басты басымдығы Париж келісімінің 6-бабын толық іске асыру болып табылатынын атап өтті және тараптар мен халықаралық келіссөздер топтарының келіспеушіліктер мәселелерінде конструктивтілікті көрсетуінің маңыздылығын атап өтті.

Ол COP 28 шешімдерін іске асырудың маңыздылығына және бейімделу мен жұмсарту бойынша қалған ашық сұрақтарды аяқтауға назар аударды.

Көшпелі отырыстың жабылуына СОР 29 Президенті-Әзірбайжан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Мұхтар Бабаев та қатысты.

Президент СОР 29 өз сөзінде, СОР29 дайындық сессиялары арасында өткізілген кеңестерге қатысқаны, СОР29 төрағалығының бастамалары мен күш-жігерін қолдағаны, сондай-ақ Тараптардың прогреске ұмтылғаны үшін алғыс білдірді.