Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/858753?lang=kk
Бүгін «Uptown Venture Capital» компаниясының негізін қалаушы және құрылтайшысы Джонстон Тимоти Джордж мырзаның бастамасымен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Н. Нысанбаевпен кездесу өтті.
Кездесу барысында электромобильдерге арналған литий-ионды аккумуляторларды кәдеге жарату мәселелері талқыланды. Экология министрі Е. Нысанбаев Қазақстанда литий-ионды батареяларды кәдеге жаратуға байланысты инвестициялық жобаны ілгерілетуге ниет білдірді. Бұл қажеттілік Қазақстанға әкелінген электромобильдердің күрт өсуіне байланысты. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар тиісті меморандумға қол қою түрінде одан әрі ынтымақтастық туралы келісті.