Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/871587?lang=kk
2024 жылғы 23 қазанда Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы іске асырып жатқан екі маңызды жобаның нәтижелеріне арналған конференция өтті.
Анықтама: «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеру салдарын жеңілдетуге азаматтық қоғамның қатысуы» жобасы жергілікті қоғамдастықтар мен белсенділердің назарын климаттың өзгеру проблемаларына аударуға және климаттық тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды әзірлеуге бағытталған. Екінші жоба, «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды іске асыру», бұл өңірдегі климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі нақты іс-қимылдарды іске асыруға мүмкіндік берді.
Конференцияны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Мансұр Ошурбаев ашты. Өз сөзінде ол тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау үшін барлық тараптардың — мемлекеттің, бизнестің, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғамның және ғылыми ортаның күш-жігері талап етілетінін атап өтті.
Конференция жетекші сарапшыларды, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың және халықаралық серіктестердің өкілдерін жинады. Іс-шараның құрметті қонақтарының қатарында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі, мәртебелі Алешка Симкич ханым және Чехия Республикасының Елшісі мәртебелі Павол Шепеляк болды, олар Қазақстанның климаттық саясат саласындағы күш-жігеріне қолдау білдіріп, жаһандық мақсаттарға жету үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Жобаны «Арника» ҮЕҰ (Чехия Республикасы) және «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» ҚБ жүзеге асырады. Жобаны іске асыру мерзімі: 2022 жылғы наурыз-2024 жылғы қазан.