Қоршаған ортаны, оның ішінде теңіз ортасында пластик қалдықтарымен ластануға қарсы күрес туралы міндетті күші бар халықаралық шартты дайындау жөніндегі келіссөздер бойынша

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/889227?lang=kk

Ағымдағы жылғы 25 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығында Оңтүстік Корея Пусан қаласында Қоршаған ортаны, оның ішінде теңіз ортасында пластик қалдықтарымен ластануға қарсы күрес туралы міндетті күші бар халықаралық шартты талықылау бойынша Үкіметаралық комиссиясының 5-раунды өтуде.

Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиев Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар, Энергетика министрліктерінің және салалық қауымдастықтардың өкілдерінен құрылған қазақстандық делегацияны басқаруда.

Келіссөздердің мақсаты – экожүйелер мен бүкіл әлем халқының денсаулығына елеулі қауіп төндіретін пластикпен ластану проблемасымен күресудің тиімді механизмдерін әзірлеу.