Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/899931?lang=kk
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Министр Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Личпен кездесті. Кездесу барысында тараптар экология, тұрақты даму және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.
Министр Қазақстанның халықаралық климаттық міндеттемелерді орындау жөніндегі жұмысының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Бакуде өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі 29-шы конференцияның (СОР29) қорытындылары туралы айтты.
Е. Нысанбаев 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асырудың, сондай-ақ 2035 жылға дейін 3.0 жаңа, неғұрлым өршіл жаңартылған ұлттық айқындалған салымды (ОНУВ) әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.
Тараптар 2026 жылы Орталық Азия елдерінің климаттық іс-қимылдарын үйлестіруге бағытталған Өңірлік климаттық саммит өткізуді талқылады және осы мәселе бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.
Министр сондай-ақ «Нарықтарды енгізу бойынша әріптестік» (PMI) бағдарламасы шеңберінде бірлескен жобаларды және шығарындылар саудасының ұлттық жүйесін еуропалық стандарттармен интеграциялауды дамытуды атап өтті.
Регенеративті ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстанда биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі жоспарлар қосымша талқыланды. 2024 жылы ақбөкендердің санын қалпына келтіргені үшін беделді Earthshot сыйлығын алған «Алтын Дала» бастамасына ерекше назар аударылды.
Кездесуді қорытындылай келе, Е. Нысанбаев экологиялық саладағы жемісті ынтымақтастықты қолдағаны және жалғастыруға дайындығы үшін Британдық тарапқа алғысын білдірді.