Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азияны дамыту жөніндегі директорымен кездесу

https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/956357?lang=kk

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азияны дамыту жөніндегі директоры Сара Купермен кездесті.

Кездесу барысында вице-министр климаттық бастамалар мен орнықты даму контекстіндегі екі елдің өзара іс-қимылының маңызды мәселелерін атап өтті.

Вице-министр Қазақстан Ұлыбританияның «жасыл» ауысуға ықпал ететін қаржы тетіктерін әзірлеудегі тәжірибесін жоғары бағалайтынын және инвестициялар тартуда, «жасыл» қаржыландыруды дамытуда және технологиялармен алмасуда ынтымақтастыққа сенетінін атап өтті.

Ж. Әлиев сонымен қатар жаһандық метан бастамасын (GMP) іске асыруда метан шығарындыларын азайтудағы британдық тәжірибеге қызығушылық білдірді. Ол экономиканың негізгі секторларында метан шығарындыларын азайту жөніндегі ұлттық бағдарламаны әзірлеу жоспарлары туралы хабарлады, бұл ұлттық парниктік газдар шығарындыларын азайтуға айтарлықтай ықпалын тигізеді.

Сондай-ақ Ұлыбританиямен су ресурстарын басқару технологиялары, ерте ескерту және климаттық болжау жүйелерін құру, сондай-ақ инфрақұрылымның тұрақтылығын нығайту саласындағы серіктестік үшін үлкен әлеует атап өтілді.

Кездесудің маңызды сәті Қазақстандағы алдағы 2026 Өңірлік климаттық саммитті талқылау болды, ол Орталық Азия елдері мен халықаралық әріптестер, соның ішінде Ұлыбритания үшін бірыңғай климаттық күн тәртібін әзірлеуге және орнықты өтуді қолдауға күш біріктіру үшін алаң болады.

Ж. Әлиев Британдық тарапты Саммитті дайындауға белсенді қатысуға және 2025 жылы өңірлік консультациялар өткізуге жәрдемдесуге шақырды.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап экология мен жасыл экономикадағы орнықты даму мақсаттарын іске асыру, атап айтқанда су пайдалану, қайта өңдірілетін қуат көздері, қалдықтарды басқару және биоәртүрлілікті сақтау туралы ақпаратпен бөлісті.

Өз кезегінде британдық тарап Қазақстанды қолда бар құралдар арқылы өршіл мақсатта қолдауға, сондай-ақ тәжірибе алмасуға, техникалық және сараптамалық көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, Ұлыбритания Елшісі Кэти Лич «Алтын Дала» бастамасы аясында атқарылып жатқан бірлескен жұмысты жоғары бағалады.

Сонымен қатар, Ұлыбритания СІМ Орталық Азияны дамыту жөніндегі директоры Сара Купер климаттық қаржыландыру, парниктік газдар мен метан шығарындыларын азайту мәселелерінің басымдылығын растады.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар жоғарыда аталған бағыттарда бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.