Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1012583?lang=kk
Биыл елімізде экологтар күні алғаш рет кеңінен аталып өтуде -Қазақстан бойынша 50-ден астам ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл экосағаттар, көрмелер, пленэр мастер-класстар, сенбіліктер, сурет байқаулары, саябақтар мен скверлердің ашылуы және т. б.
Кәсіби мереке күні Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев саланың ардагерлері мен үздік қызметкерлеріне ведомстволық наградалар, құрмет грамоталары, сондай-ақ алғыс хаттар табыс етті. Қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық бастамаларды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін экологтар, табиғатты қорғау, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері және қалдықтарды өңдеу саласындағы бизнес өкілдері марапатталды.
Барлық сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтаймыз және қоршаған ортаны қорғау жолындағы нәтижелі еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз!