Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1099727?lang=kk
5 қарашада Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен «Summit Agenda SP+ verde» экологиялық конгресіне қатысты.
Конгрессті Сан-Паулу штатының үкіметі COP30 конференциясы қарсаңында Сан-Паулу қаласының мэриясы мен Сан-Паулу университетінің (USP) қатысуымен ұйымдастырады. Қатысу барысында Қоршаған орта, инфрақұрылым және логистика мәселелері жөніндегі хатшы Наталья Резенде ханыммен екіжақты кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілік және метан шығарындыларын азайту саласындағы ынтымақтастық туралы келісті. Резенде ханым 2026 жылғы сәуірде Қазақстандағы өңірлік экологиялық саммитке шақырылды. Астанадағы саммит көрмесінде Бразилиялық компанияларды ұсынуға қызығушылық білдірілді.