Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1233845?lang=kk
«Silk Road Samarkand» халықаралық көрме кешенінде өтіп жатқан ECO EXPO CENTRAL ASIA 2026 халықаралық экологиялық көрмесі аясында Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны экология, тұрақты даму және жасыл технологияларды енгізу салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды.
Көрменің екінші күні Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары, бизнес қауымдастығы және экологиялық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен сындарлы диалог пен тәжірибе алмасу жағдайында өтті.
Қазақстан Республикасының ұлттық павильонына Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі комитетінің төрағасы Азиз Абдухакимов, Тәжікстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Баходур Шерализода, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен Орталық Азия елдерінің экологиялық қоғамдастығының басқа да өкілдері келді.
Таныстыру барысында қонақтарға Қазақстанның экологиялық саясатының негізгі бағыттарын, қалдықтарды басқару саласындағы заманауи шешімдерді, экологиялық инфрақұрылымды дамыту, қайталама ресурстарды қайта өңдеу және айналмалы экономика қағидаттарын енгізу бағытындағы жетістіктерді көрсететін экспозиция таныстырылды. Экспозицияны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай таныстырды.