Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1245396?lang=kk
Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан әлемдегі ең ірі әрі бірегей тұйық көлі бар, ол географиялық ерекшелігі, ұзынша пішіні және суының химиялық құрамымен танымал, көлдің ең басты феномені – оның батыс және шығыс бөліктерінің екі түрлі су құрамына ие болуы. Ортасындағы ұзын әрі тар Сарыесік түбегі арқылы көл екіге бөлінуі. Осы тұңып тұрған табиғи сұлулықты қорып отырған мемлекеттік мекеме – «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты орналасқан.
Резерват 2018 жылдың маусым айында құрылған. Құрылған жылдан бері табиғат сақшылары табиғатымыздың қызыл кітапқа енген аң-құстарын, өсімдіктерінің сақталуын ғана жүзеге асырмай, оның қалпына келуін де қамтып келеді. Табиғи байлық ол келер ұрпаққа қалар аманат. Резерват аумағы 450 252,6 гектарды құрай отырып, 2 филиалдаң тұрады(Іле сағасы филиалы және Балқаш маңы филиалы). Резерват Іле өзенінің сағалық алқаптарын, тоғайлы ормандарды, сулы-батпақты және шөлейтті экожүйелерді қамтиды.
Бұл аумақ Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілігі жоғары табиғи аймақтардың бірі болып саналады. Резерват аумағында жалпы сүтқоректілердің 45 түрі мекен етіп, 5 түрі Қазақстанның қызыл кітабына енгізіліген. Құстардың 303 түрі мекендесе оның 33 түрі Қызыл кітапқа еніп, 20 түрі ХТҚО-ның Қызыл кітабына енгізілген. Бауырымен жорғалаушылардың 17 түрі, балықтардың 36 түрі, омыртқасыздардың 641 түрі тіркеліп , 23 түрі Қызыл кітапқа еніп , 12 түрі эндемиктерге жатады.
Өсімдіктен әлеміне келсек , олардың 332 түрі аңықталды, олардың ішінде балдырлардың 45 түрі, 4 бөлімге, 33туысқа, 23 тұқымдас, 18 қатар, 6класқа жатады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің саңы 287 өсімдік 181 туысқа, 52 тұқымдасқа жатады. Реликтті өсімдіктер саңы 8 түрден тұрады, эндемиктердің 13 түрі аңықталды. Қазақстанның қызыл кітабына (2014) 6 түрі енгізілген. Атап айтсақ Қазақстан қамысы, Қауырсынды селеу, Бем қызғалдағы, Қалқанжапырақты батпақгүл, Аппақ ақ тұңғиық, Сұр тораңғы.
Іле-Балқаш өңірі тарихи тұрғыдан Тұран жолбарысының мекені ретінде белгілі. Осы табиғи аумақты қалпына келтіру мақсатында резерват жолбарысты қайта жерсіндіру жөніндегі халықаралық бағдарламаны іске асырудың маңызды алаңына айналып отыр.