Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1248022?lang=kk
Үстіміздегі жылдың 25 маусымда азаматтарды қабылдау орталығында Экология министрінің жеке қабылдауы өтті. Кездесу барысында экологиялық қауіпсіздік, табиғатты қорғау заңнамасының сақталуы және мемлекеттік экологиялық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері қаралды.
Негізгі мәселелердің бірі – «Қазфосфат» ЖШС қызметінде табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілетін кешенді тексеру мәселесі болды. Аталған өтініш аясында өндірістік процестердің қоршаған ортаға әсері, қалдықтарды басқару және экологиялық талаптардың орындалуы жөніндегі мәселелер қарастырылды.
Сонымен қатар, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға, экологиялық мәдениетті арттыруға және қолайлы табиғи ортаны сақтауға бағытталған «Таза Қазақстан» мемлекеттік бастамасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Балқаш қаласы аумағында мемлекеттік экологиялық бақылаудың тиімділігін арттыру және мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимылын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қабылдау қорытындысы бойынша келіп түскен өтініштерді қарау және көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Азаматтарды қабылдау тұрақты негізде өткізіліп, халықпен тікелей байланысты қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.