Қазақстан климаттың өзгеруіне бейімделу ЖИ пен цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін қарастыруда

На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1294069?lang=kk

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев «Климаттың өзгеруіне бейімделу үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің әлеуеті» тақырыбындағы Сараптамалық диалогқа қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ іс-шара барысында Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Салли Эксворти құттықтау сөзін жеткізді.

Іс-шараны «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің, Орталық Азия университетінің және «Караван знаний» қорының қолдауымен ұйымдастырды. Сараптамалық диалог БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Тараптарының 31-конференциясы (COP31) қарсаңында өткізілді. Конференция Түркияның Анталья қаласында өтеді.

Сараптамалық диалогтың мақсаты – өндірісті декарбонизациялау, климаттық деректердің сапасын арттыру және Қазақстанның жаһандық көміртек нарығына интеграциялануы үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану әлеуетін талқылау.

Іс-шара аясында қатысушылар ғылыми ортада танымал сарапшылардың, отандық және шетелдік тәжірибелі мамандардың баяндамаларын тыңдады. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен студент жастар өз пікірлерін білдірді.

Пікірталастар қорытындысы бойынша парниктік газдар шығарындыларына цифрлық мониторинг жүргізуді жетілдіру, сондай-ақ Париж келісімінің 6-бабы шеңберіндегі жобаларды іске асыру үшін Astana Hub платформасында Цифрлық климаттық хаб құру жөнінде ұсынымдар әзірленді.

Сараптамалық диалогқа гибридті форматта 80-нен астам адам қатысты.