Маңғыстауда халықаралық «Caspian Sea Action Week – 2026» волонтерлік апталығы аяқталды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1273643?lang=kk

12 тамызда, Каспий күніне орай, Ақтау қаласында «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық волонтерлік апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК (ҚОҚАТО) қатысты.

6–12 тамыз аралығында өткен халықаралық апта Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген делегацияларды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сарапшыларды, волонтерлер мен жастарды біріктірді.

Апта бойы ҚОҚАТО Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға, экологиялық волонтерлікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бағдарламаның негізгі іс-шараларына қатысты.

Апта сегіз мемлекеттің ұлттық мұрасы мен музыкалық дәстүрлерін біріктірген салтанатты мәдени бағдарламамен қорытындыланды. Алғаш рет «VOLUNTEERS OF THE WORLD» халықаралық волонтерлер гимні таныстырылды.

«Caspian Sea Action Week – 2026» аяқталғанымен, оның басты идеясы баршаға ортақ болып қала береді: бір Каспий — бір жауапкершілік, бір ынтымақтастық кеңістігі және бір ортақ болашақ.

Маңғыстау Каспий теңізін болашақ ұрпақ үшін сақтап қалу жолындағы халықаралық диалогтың, жаңа бастамалардың және күш-жігерді біріктірудің маңызды алаңына айналды.