Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1278096?lang=kk
Бір қарағанда есекке ұқсайды, ал жүйріктігі жылқыдан кем түспейді. Бұл — қазақ даласының ерекше жануары құлан.
Құлан — Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жануарлардың бірі. Ол кең дала мен шөлейтті аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Төзімді, сақ әрі өте жүйрік жануар.
Құланның тағы бір ерекшелігі — табиғатта үйірімен тіршілік етуі. Кеңістікті еркін мекендейтін бұл жануарлар еліміздің жабайы табиғатының ажырамас бөлігі.
Бүгінде құланды сақтау, санын қалпына келтіру және табиғи мекендерін қорғау бағытында жұмыстар жалғасуда.