Экологиялық ақпаратты алу үшін өтінім


Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры


Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары

Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары – табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштері  туралы   жүйелі ақпараттар жинағы. Кіші жүйе базасының деректері бірсыпыра тәжірибелік мәселелерді  шешуге      мүмкіндік береді:- Нарық жағдаятына сәйкес табиғи ресурстар бағасы;- Экологиялық дағдарыс аумақтарының пайда болуын алдын алу үшін   аумақтардың табиғи жүйелерге нақты жүктеме бағасы;- Аумақтардың табиғи ресурстарын алу бойынша лимиттерді қалыптастыру;- ерекше қорғалатын аумақтарда табиғатты қорғау бақылауын жүзеге асыру;- Қоршаған ортаны қорғау саласында геоақпараттық жүйелерді жобалау, құру және енгізу  және т.б. (ArcGIS).


Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығы

Терең білімді қалыптастырудағы білім берудің рөлін ескере отырып 2004 жылы кәсіпорында Қоршаған ортаны    қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығы құрылды.    Біліктілікті арттыру келесі тақырыптар бойынша жүргізіледі:

– «Жасыл» экономикадағы заңнамалық аспектілер;
– Экологиялық аудит;
– Экологиялық кодекс. Құқыққолдану;

– Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу;

– Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару;

– Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау;

– ҚОҚ саласындағы Халықаралық стандарттар;

– Табиғатты қорғау конвенциялары. ҚР Заңнамасы. Құқыққолдану;

– Экологиялық туризм;

– Экологиялық қауіпсіздік және биоәртүрлілікті сақтау;

– Мұнайгаз кешеніндегі экологиялық қауіпсіздік;

– МС ISO-50001 сәйкес энергоменеджмент жүйесіне енгізу;

– Энергоменеджмент жүйесі – талаптары, пайдалану бойынша нұсқаулық;

Қазақстан Республикасының ірі табиғат пайдаланушылары тізімі