Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 15722 болып тіркелді. (Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.12.2018 № 510) бұйрығымен

Cирек кездесетiндерден және жойылып кету қаупi төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын бекiту туралы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2017 жылғы 28 тамыздағы № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 15827 болып тiркелдi

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 тамызда № 11939 болып тіркелді