Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары – табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы жүйелі ақпараттар жинағы. Кіші жүйе базасының деректері бірсыпыра тәжірибелік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:- Нарық жағдаятына сәйкес табиғи ресурстар бағасы;- Экологиялық дағдарыс аумақтарының пайда болуын алдын алу үшін аумақтардың табиғи жүйелерге нақты жүктеме бағасы;- Аумақтардың табиғи ресурстарын алу бойынша лимиттерді қалыптастыру;- ерекше қорғалатын аумақтарда табиғатты қорғау бақылауын жүзеге асыру;- Қоршаған ортаны қорғау саласында геоақпараттық жүйелерді жобалау, құру және енгізу және т.б. (ArcGIS).