Баспасөз хабарламасы

 

2017 жылдың 28 маусымында «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК және Орхус конвенциясының ережелерін іске асыру бойынша жұмыс органдарымен «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы» Орхус конвенциясының ережелерін іске асыруға тартылған Орхус орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) даму келешегі және проблемалық мәселелерін талқылау бойынша видеоконференция өтілді.

Видеоконференцияға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Орхус орталықтарының және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша Орхус орталықтарын дамыту бағдарламасын және олардың қызметтерінің тиімділігін бағалау өлшемдерін өңдеу қажеттілігі туралы шешім қабылданды

2017 жылдың 14 шілдесіне дейін барлық мүдделі тұлғалар Орхус орталықтарын дамыту бағдарламасының және олардың қызметтерінің тиімділігін бағалау өлшемдерінің жобасына енгізу үшін ұсыныстар беруі күтіледі.

Барлық сұрақтар бойынша, Қоршаған ортаны қорғау туралы ұлттық баяндаманы дайындау және экологиялық ақпаратты талдау басқарамасының басшысы Алтынкуль Балабаеваға: altyn_aisa@mail.ru немесе Қоршаған ортаны қорғау туралы ұлттық баяндаманы дайындау және экологиялық ақпаратты талдау басқарамасының маманы Айдана Айтмолдаеваға: aitmoldayeva@gmail.com хабарласуды сұраймыз.

Құжат жүктеу