ҚР Орхус орталықтарының дамыту келешегін талқылау бойынша дөңгелек үстел баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ағымдағы жылдың 28 шілдесінде «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК (Орхус конвенциясының ережелерін іске асыру бойынша жұмыс органы) және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисімен бірлесіп Орхус орталықтарының даму келешегін талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің, мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Орхус орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде Қазақстанда Орхус қозғалысын дамыту бойынша стратегиялық жоспарының жобасы қарастырылды, сонымен қатар Орхус конвенциясының әрбір компонентін іске асырудағы мәселелерді талқылады:
– Орхус конвенциясының ережелерін іске асыру шеңберінде экологиялық ақпаратқа қол жеткізу;
– шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуы;
– қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.
Қазақстанда Орхус қозғалысын дамыту бойынша стратегиялық жоспарының жобасын жүктеу
Баян Ләззат Төлеутайқызының баяндамасын жүктеу
“Доступ к экологической информации: запросы общественности и анализ ответов” рәсімді жүктеу
“Стратегический план развития Орхусского движения в Казахстане” (Могилюк) рәсімді жүктеу
“Новые возможности по реализации Орхусской конвенции” (Брагин) рәсімді жүктеу
“Меры по усилению роли общественности в принятии решений” (Жакенов) рәсімді жүктеу