Орхус конвенциясына сәйкес жұртшылыққа климаттық ақпаратты ұсынудағы Орхус орталықтарының рөлі мен мандаты
Орхус конвенциясына сәйкес жұртшылыққа климаттық ақпаратты ұсынудағы Орхус орталықтарының рөлі мен мандаты: тәжірибе, алынған нәтижелер, қиындықтар
2000 жылғы 23 қазанда Қазақстан Орхус конвенциясын ратификациялады. Конвенция мақсаты – қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу және шешімдерді қабылдау үдерісіне жұртшылықтың қатысуы, ақпаратқа қол жеткізу, адамның денсаулығы мен
әл-ауқаты үшiн қолайлы қоршаған орта, адам құқығын қолдау.
Қазақстан Республикасы экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету барысында бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Конституциясын басшылыққа алады.
Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу ҚР Экологиялық Кодексінің
21-тарауымен реттеледі, ол келесі баптармен ұсынылған:
– экологиялық ақпарат;
– ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі;
– мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры;
– Ұлттық экологиялық атлас;
– экологиялық ақпаратқа қол жеткізу;
– субъектілердің экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге қатысты құқықтары мен міндеттері;
– экологиялық ақпаратты ұсыну мерзімдері мен тәртібі;
– экологиялық ақпаратты ұсыну үшін төлем;
– қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндама;
– экологиялық ақпарат беруден бас тарту.
2015 жылғы 16 қарашада заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алу және таратуда әр адамның конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР жаңа Заңы қабылданды.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес экологиялық жағдай туралы, санитарлық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай туралы ақпаратқа қол жеткізу шектелмейді.
Орхус конвенциясын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығымен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК Орхус орталықтарының жұмыс органы болып анықталды.
Қазіргі таңда Қазақстанда, конвенцияның іске асырылуы мен ережелеріне мемлекеттік органдар мен Қазақстанның азаматтық қоғамы арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын 14 Орхус орталығы қолдау көрсетеді. Біздің негізгі қызметіміз халыққа ақпараттық және консультациялық көмек көрсетуге бағытталған.
Аймақтардағы Орхус орталықтары өңірлердегі экологиялық маңызды мәселелерді жариялауда БАҚ-пен белсенді ынтымақтасады.
Мысалға, Алматы Орхус орталығы аймақтағы экологиялық жағдайды баяндайтын журнал шығарады. «ҚОҚ АТО» РМК тоқсан сайын «Қазақстан экологиясы» газетін шығарады.
Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы халықты дұрыс экологиялық ақпаратпен, оның ішінде климаттық көрсеткіштер бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығымен 2009 жылы “ҚОҚ АТО” РМК базасында Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры құрылды. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының қызметі ҚР Экологиялық кодексімен реттеледі. Қазіргі таңда мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының деректер базасы 40 мыңнан астам материалды құрайды. Барлық материалдар тізілімдер бойынша бөлінген, оның ішінде климат бойынша материалдар.
Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының барлық материалдары «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік қызмет шеңберінде ұсынылады.
Сондай-ақ ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі (ЛШТТ) экологиялық ақпарат түрі болып табылады, онда 1 санаттағы табиғат пайдаланушылар жыл сайын қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша ақпарат береді, соның ішінде парниктік газдар бойынша (азот оксидтері, күкірт оксидтері, этилен оксидтері, қалайы оксидтері, күкіртті сутегі, хлорлы сутегі, пропилен, марганец, этилбензол, ксилол, бензол, хром және т.б. сияқты).
Қазақстан Республикасы аумағындағы нақты экологиялық жағдай және оны жақсарту жөнінде қабылданатын шаралар туралы халықты жыл сайын хабардар ету үшін Экологиялық кодекске қоршаған ортаның жай-күйі туралы және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндама 166-1-бабы енгізілді. Бүгінгі күні 2011-2014 және 2015, 2016, 2017 жылдарға арналған Ұлттық баяндама әзірленді. Қазіргі таңда ҚР Экологиялық кодексінің 166-1 бабына сәйкес 2018 жылға Ұлттық баяндама әзірленуде.
Ұлттық баяндамада климаттың өзгеруіне жеке бөлім бөлінген. Тарауда ауа температурасының, атмосфералық жауын-шашынның өзгеруі, парниктік газдар шығарындылары және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша ақпарат көрсетіледі.
Сондай-ақ Еуропалық Комиссияның қаржылық қолдауымен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (ЮНЕП) және «Зой» экологиялық желісімен бірлесіп дайындалған және жарияланған Ұлттық баяндаманың интерактивті нұсқасы бар. Интерактивті баяндама newecodoklad.ecogosfond.kz сайтында орналастырылған және отын-энергетикалық кешен және экология мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің экология жөніндегі комиссиясымен мақұлданған. «Зой» экологиялық желісімен ынтымақтастықта ЮНЭП қолдауымен 2017 жылы интерактивті баяндаманы дайындау басталды.
Интерактивті баяндаманың ерекшелігі қоршаған ортаны қалыптастырудың логикалық тізбегінің суретін қолдану ақылы интерактивті баяндаманың бөлімдеріндегі мәтінді қабылдауды жеңілдету болып табылады. Қазіргі таңда интерактивті баяндаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Орхус конвенциясының ережелерін жүзеге асыру мақсатында 2016 жылы экологиялық ақпаратқа қол жеткізу бөлігінде ҚР Экологиялық кодексіне елеулі түзетулер енгізілді.
2019 жылы ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясы бойынша жұмыс жүргізілуде.