Дереккөз:  www.energo.gov.kz

Шілде айының 3-і мен 6-сы аралығында Астана қаласында ЕХРО-2017 аясына «GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM» – қалдықтарды қайта өңдеу және жаңғырамалы энергия бойынша екінші Еуразиялық бизнес-форум өтті. Форумға 11 елден 270 адам қатысты – мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ассоциациялардың, ҒӨБ мен кәсіпорындардың өкілдері.

Форумды ұымдастырған Энергетика министрлігі және «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығы. Қауымдастықтың мүшелерінің бірі – «Шаруа» ЖШС-і (Қостанай қ.), форумда «Қазақстанда қауіпті қалдықтарды басқару мүмкіндіктері мен келешегі, «Шаруа» ЖШС-нің үлгісінде» тақырыбымен ,баяндама жасады.

Баяндамада Қазақстан Республикасын қалдықтарды басқару саласында «Жасыл экономикаға» көшіру бойынша концепцияны жүзеге асыру тақырыбы қозғалды. Кәсіпорын Концепцияны орындау мақсатында қауіпті қалдықтарды айналдыру бойынша өз қызметін жетілдіруде.

«Шаруа» ЖШС-і 1998 жылы құрылған, 2005 жылдан бастап қауіпті,уытты қалдықтарды өз полигонында орналастырады. 2005 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі аралықта полигонда 3092 т қауіпті қалдық орналастырылды. 2013 жылы «Шаруа» ЖШС-і «Парыз» конкурсының «Экологияға қосқан үлесі» номинациясын жеңіп алды.

2018 жылы кәсіпорынға 2 жаңа технологиялық желі енгізіледі. Бірінші желі – қауіпті химиялық өнімдердің(пестицидтердің, техникалық сұйықтықтардың, қышқылдардың, сілтілердің және т.б.) пластик қаптама (канистрлерді) қалдықтарын қайта өңдеу мен майсыздандыру кешені. Қалай болғанда да, қауіпті өнімдердің ағызылып алынбай қалған қалдықтары қалып қоятындықтан, канистрлерді майсыздандыру қажет. Екінші желі – бұл қауіпті қалдықтарды термиялық жою кешені, соның ішінде инсинератор базасында сұйық қалдықтарды да.   

Концепция ережелерін басшылыққа ала отырып, Қазақстанға жедел түрде қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесін жасау қажет. Осы мақсаттар үшін барлық жерлерде ауқымды және шығыны көп жұмыстар басталуда, ал оны негізінен орта және шағын бизнес орындайды. Алайда, бизнес мемлекет қолдаусыз ол жұмысты тындыра алмайды.

Қазіргі таңда жоспарларды жүзеге асыруды «тежеп» отырған мәселелер қалып отыр, және олардың шешімін таппай, алға қарай жылжу мүмкін емес. Ең көкейкесті мәселелер ҚР заңнамаларының жетілмегендігіне байланысты болып отыр.

Қалдықтарды басқару саласында заңнамаға жедел өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады, атап айтқанда:

– Экологиялық кодекске қауіпті химиялық өнімдердің пластик қаптамаларын айналдыру мәселелері, және оны қауіпті қалдықтар санатына көшіру мәселелері бойынша. Қазір ондай қаптамалар қауіпсіздер ретінде қабылданады, себебі қолданыстағы заңнамада ол нақты қауіпті қалдықтарға жататындығы жазылмаған;

– Қалдықтар классификаторына классификацияны жақсарту бойынша қалдықтардың қауіпті қаситеттерін анықтау категориялары бойынша қауіпті және қауіпсіз қалдықтарды нақты белгілеу қажет;

– Экологиялық кодекске және заңға қарасты актілерге қалдықтарды қазіргідей қалдық түрі бойынша емес, оларың индексі (қауіптілік деңгейі) бойынша орналастыруға рұқсат алу мәселесі бойынша.

Сонымен қатар, қалдықтардың жеке категорияларының айналымы бойынша арнайы стандарттар жасау қажет.

Қазіргі таңда «Шаруа» ЖШС-і – бұл қауіпті қалдықтар айналымы мәселелерін шешумен жұмыс жасап жатқан, өз өңіріндегі жалғыз кәсіпорын.

Алға тартылған мәселелер мен олар бойынша ұсыныстар Қалдықтарды басқару саласындағы концепцияны жүзеге асыру үрдісінде назарға алынады деген үміттеміз.