Экология министрі: кәдеге жарату төлемінің коэффициенттері қайта қаралады

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында Экология министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол бизнестің, жұртшылықтың және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жеке мемлекеттік оператор құру немесе өнеркәсіпті дамыту қорының базасында ашу және кәдеге жарату алымы есебінен отандық көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға ваучерлер беру мәселелері пысықталатынын айтты. Осы мәселелер жұмыс тобының отырысында талқыланатын болады.

Бұған дейін кәдеге жарату төлемінің мәселелерімен Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 387-бабына сәйкес 2015 жылғы 30-шы желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері Операторы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысып келген.

2016 жылдан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде кәдеге жарату төлемі түрінде түскен ақша қаражатының көлемі 691,9 млрд. теңгені құрады.

Алынған қаражат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмсалуда.

Атап айтқанда:

– отандық автокөлікөндірушілерге 338,9 млрд. теңге мөлшерінде кәдеге жарату түрінде бұрын төлеген қаражаттары қайтарылды;

– экологиялық мәселелерді шешуге 102 млрд. теңге және салықтарға 49, 1 млрд. теңге жұмсалды.

Бүгінгі таңда қаражат қалдығы 2-ші деңгейдегі банктерде сақталып, 220,6 млрд. теңгені құрайды. 

Анықтама ретінде: автокомпоненттерді, қаптамаларды кәдеге жарату үшін төлем, пайдаланудан шыққан көлік құралдары/пайдаланудан шыққан ауыл шаруашылығы техникасына өтемақы төлеу, өңірлерді материалдық-техникалық жете жарақтандыру, контейнерлер, қоқыс тасығыштар, сұрыптау желілері.