Балық шаруашылығын дамыту

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев  ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында, Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы және балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы баяндады.

Балық саласы экономикалық өсудің және халықты жұмыспен қамтуда маңызды салалардың бірі болып табылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында «Балық саласы ерекше назар аударуға лайық» деп атап өтті.

Ведомство басшысы БАҚ өкілдерін Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Мәселен, Маңғыстау облысында Каспий итбалығының популяциясын сақтау үшін мемлекеттік табиғи резерват құруды жеделдетуге қатысты 2023 жылғы сәуірде жаратылыстану-ғылыми негіздеме (ЖҒН) бекітілді. ЖҒН негізінде қазіргі уақытта технико-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеу жүргізілуде. Нәтижелерді ағымдағы жылдың соңында аламыз. Резерват 2024 жылғы маусымда дербес заңды тұлға ретінде құрылатын болады.

Каспий теңізінде заңсыз балық аулаудың жолын кесу жөніндегі жұмысты жандандыру үшін 2023 жылғы наурызда Экология министрлігі мен Ішкі істер министрлігі Жайық-Каспий бассейнінің су айдынында браконьерлікпен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен жоспарды бекітті. Жоспар аясында бірлескен рейдтер жүргізіліп, теңізде бақылау күшейтілді.

Сондай-ақ, Министр Атырау қаласындағы мемлекеттік бекіре зауытының өндірістік базасын жаңғырту жоспарлары туралы айтты. 2023 жылғы наурызда Министрлік тиісті Жол картаны бекітті. Зауыт құрылыстарының тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізілді, биологиялық негіздеме әзірленді. Маусым айында зауытты дамыту тұжырымдамасы және жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге техникалық тапсырма бекітілді.

Е. Нысанбаев балық саласын мемлекеттік қолдау бойынша атқарылған жұмыстарды ерекше атап өтті. Мәселен, 2023 жылғы қыркүйекте балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасына кредиттеу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін су беру және балық өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі қызметтердің құны субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау шараларын енгізу бөлігінде өзгерістер, сондай-ақ балық бойынша инвестициялық жобаларды бюджеттік кредит беру мүмкіндігі түрінде қосымша енгізілді. Сонымен қатар, балық ресурстарын сақтау және молайту, кәсіпшілік балық аулауды дамыту және балықты қайта өңдеу жөніндегі шаралар қосылды.

Сонымен қатар, осы жылдың қараша айында Парламент Мәжілісіне бизнесті мемлекеттік қолдауды кеңейту үшін құқықтық негізді көздейтін «Акваөсіру туралы» заң жобасын енгізу жоспарланған.

Балық шаруашылығындағы негізгі іс-шаралар-балық аулау және акваөсіру. 2023 жылдың 10 айында 34,9 мың тонна балық ауланды, 13,2 мың тонна өсірілді және 15,6 мың тонна экспортталып, 32 мың тонна импортталды.

Саланы табысты дамытудың маңызды факторы – бизнесті субсидиялау және салықтық жеңілдіктер түрінде бастапқы кезеңде қолдау. Бүгінгі таңда балық өсірудің бірқатар бағыттарын субсидиялау көзделген. Бұл күрделі салымдарға, техника мен жабдықтарды сатып алуға инвестициялық субсидиялар, сондай-ақ балық өсіруге арналған негізгі компоненттерге, атап айтқанда жем, шабақ және дәрі-дәрмек сатып алуға арналған шығындарды өтеу. 2023 жылы субсидиялауға 4,1 млрд.теңге көзделген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Салалық бағдарлама шеңберінде жыл сайын субсидиялауға бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі ұлғаятын болады.

Министр бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті, оның ішінде мыналарды атап өтуге болады: өндірістік және инвестициялық шығындарды субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілді, кәсіпшілік су айдындарын балық аулаудан балық өсіруге ауыстыру жеңілдетілді, балық өсіру шаруашылықтарын су қорғау белдеуінде орналастыру бойынша шектеулер алынып тасталды, балық өсіру тоғандарын жобалық-металық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей-ақ тек эскиздік жобалар негізінде салуға мүмкіндік берілді.

Қазіргі уақытта республикада 72 балық өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 17 кәсіпорын жоғары талаптарға сәйкес келеді және балық өнімдерін Еуропалық Одақ елдеріне экспорттау құқығын алды. Бұл ретте, қосымша тағы 13 қазақстандық кәсіпорын осындай экспорт құқығын алуға өтінім берді.

Сондай-ақ, экспорттық нарықты кеңейту мақсатында Қазақстан мен Қытай арасында ветеринариялық сертификат келісілді, ал Қытай елінің тізіліміне 65 қазақстандық кәсіпорын енгізілді.

Отандық балық өңдеу кәсіпорындарынан әлемнің 21 еліне балық өнімдерінің 100-ден астам түрі шығарылады, олардың ішінде ең ірі тұтынушылар Ресей, Германия, Нидерланды, Литва және Қытай елдері.

«Қабылдайтын шаралар саланың инвестициялар үшін тартымдылығын арттырады, балық өнімдерін өндіру мен экспорттын өсіруді және жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың балықты тұтынуының өсуіне әкеледі. Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау және Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын іс жүзінде іске асыру жөнінде шаралар қабылдауды жалғастыратынын атап өткім келеді», – деп түйіндеді Министр.

23 қараша 2023

Ерлан Нысанбаев ҚР Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке қабылдады

21 қараша 2023

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-қытай комиссиясының 10-шы отырысы

21 қараша 2023

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде алғашқы отандық Qazaq Green Certificate Program ерікті көміртегі стандартының тұсаукесері өтті

21 қараша 2023

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі аясындағы экскурсия

20 қараша 2023

Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу