Бір көл. Екі түрлі су. Табиғаттың таңғажайып құпиясы.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1267407?lang=kk

Бір көлдің батыс жағында тұщы су, ал шығыс жағында тұзды су болуы мүмкін бе?

Иә. Бұл – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы бірегей Балқаш көлі. Табиғаттың осындай ерекше құбылысын қорғап, оның байлығын сақтап отырған мекеме – «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты.

2018 жылы құрылған резерват Іле өзенінің сағасын, тоғайлы ормандарды, сулы-батпақты алқаптар мен шөлейтті табиғи кешендерді қорғайды.

Бұл өңір – жүздеген жануарлар мен құстардың мекені. Мұнда Қызыл кітапқа енген сирек түрлер мекендейді, ал өсімдіктер әлемі өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Іле-Балқаш өңірінің тағы бір тарихи ерекшелігі – бұл жер бір кездері Тұран жолбарысының табиғи мекені болған. Бүгінде дәл осы аумақта жолбарысты тарихи мекеніне қайта жерсіндіру бағытындағы ауқымды халықаралық жоба жүзеге асырылуда.

Табиғатты қорғау – тек бүгінгі күннің міндеті емес. Бұл – келер ұрпаққа қалдырар ең үлкен аманат.