Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешев Израиль мемлекетінің туризм министрі Й. Развозовпен кездесті.
Кездесу барысында су ресурстарын басқару саласындағы израильдік технологиялардың интеграциясы, экологиялық реттеу, су ресурстарын басқару саласындағы Қазақстанда болуы мүмкін жобалар мәселелері талқыланды.
«Біз Израильдің су технологиялары бойынша әлемдік көшбасшы екенін білеміз. Су ресурстарын басқару саласындағы қазақстан-израиль ынтымақтастығын дамыту үшін пайдаланылмаған елеулі әлеует пен жаңа мүмкіндіктерді назарға ала отырып, біз осы бағытта тәжірибе алмасуға мүдделіміз және сарапшылардың кездесуін өткізуге дайынбыз», – деді Экология министрі кездесу барысында.
Сондай-ақ, ведомство басшысы Израиль делегациясының өкілдеріне жаңа экологиялық Кодексті қабылдаудың маңыздылығы туралы айтып берді.
«Экологиялық реттеудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, экологиялық проблемаларды шешу үшін жұртшылықпен бірлесіп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқарудың неғұрлым тиімді және ашық жүйесін құруға бағытталған жаңа құжат әзірленгенін ерекше атап өткім келеді. Елдің жаңа реттеуші экологиялық саясаты озық қолжетімді техникаларды (ОҚТ) кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесіне енгізу өндірістік процестің экологиялылығын қамтамасыз етуге, негізгі қорлардың жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді, бәсекеге қабілеттілікті арттырады, ең бастысы, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға ықпал ететін маңызды құрал қолдануға негізделген кешенді экологиялық рұқсаттар беруге негізделеді», – деп атап өтті С. Брекешев.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар су ресурстары жөніндегі сарапшылардың консультативтік кездесулерін өткізуге келісті.