Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
6 қыркүйекте экология вице-министрі З.Сүлейменованың «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының көміртегі стратегиясы жөніндегі кеңесшісі Эмили Джобсонмен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы шеңберінде ТШО парниктік газдар шығарындыларының деңгейін төмендету мәселелері талқыланды.
Министрлік тарапынан ТШО-дан өндірістегі нақты эмиссияларды төмендету бойынша, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы бенчмарктерді қайта қарау бойынша перспективалық жоспарларды қатаңдату жағына қарай күтулер айтылды.
Министрлік ТШО-ға «Мұнай және газ өндіру» ең озық қолжетімді технологиялардың салалық анықтамалығын әзірлеуге белсенді қатысуды ұсынды.
Келіссөздер барысында вице-министр 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін экологиялық заңнамаға сәйкес белгіленген автоматтандырылған мониторинг жүйесінің болу міндеттілігі туралы еске салды.
ТШО Министрліктің бастамаларына толық қолдау білдірді.