Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2022 жылғы 18 қарашада Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында Шу және Талас өзендерінің су шаруашылығы нысандарының мемлекетаралық қолдануы туралы ЕҚЫҰ Хатшылығы жанындағы Қоршаған ортаны қорғау жұмыс тобының (ҚОҚЖТ) 10-шы отырысы өтті.
Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті директорының орынбасары Н.И. Даулетьярова төрағалық етті.
Жұмыс тобының отырысына республикамыздан Экология, геология және табиғи ресурстар, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдері қатысты.
Қырғыз Республикасынан – Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдері.
Отырыс барысында Шу және Талас өзендерінің 2022 жылғы жер үсті сулары мониторингінің сапасының нәтижелері талқыланды, келісілген өлшеу станцияларында гидрометеорологиялық бақылау және 2016-2021 жылдарға арналған осы өзендердің өзен бассейндері үшін метеостанциялар және маусымдық су сынамасын алу келісілді.
Сондай-ақ, Шу өзені бассейнінің жанындағы экологиялық аумақтардың атлас жобасын жүзеге асыру мүмкіндігі, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар қауымдастығының аумақтары, сондай-ақ басқа да мәселелер қарастырылады.
2023 жылға арналған ҚОҚЖТ-ның 11-ші отырысының жұмыс жоспары қабылданды.