Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
«Қауырт желі» іске қосылғаннан бері жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы түрлі мәселелер бойынша 113 хабарлама келіп түсті. Олардың 58-і (көпшілігі бірдей фактіні қайталайды) хабарламалар құқық қорғау органдарына жіберілсе, 29 хабарлама жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Жануарларға көмек көрсету мақсатында, 13 хабарлама бойынша Орман шаруашылығы комитеті зообақылау ұйымдарын тартты. 2 факт ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберілді.
Сондай-ақ, «жедел желіге» жабайы жануарларға көмек көрсету бойынша 11 хабарлама келіп түсті, аталған фактілер бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелері әрекет етті.