Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/728148?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында өңір тұрғындарымен кездесу барысында іс-шараға қатысушылардың толғандыратын сұрақтарына жауап берді.
Қойылған сұрақтар негізінен экологияға, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуге және орал киік популяциясының санын реттеуге қатысты болды.
Айта кетейік, ақбөкендердің санын реттеу бойынша іс-шаралар 2023 жылдың қазан айынан басталды.
Ведомство басшысы барлық қойылған сұрақтарға жауап беріп, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау және БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізілді.