2025 жылға арналған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың жобасы

2025 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және ҚР табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың жобасы туралы

2025 жылға арналған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың жобасы орыс тілінде жарияланды.

Қоршаған ортаның жай-күйі және ҚР табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) ҚР Экология кодексінің 23-бабына және 2021 жылғы 5 тамыздағы № 297 Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленеді.
Ұлттық баяндама қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы талдамалық есеп болып табылады, ол Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдай және оны жақсарту бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету мақсатында жыл сайынғы негізде жасалады.
Ұлттық баяндамада қамтылған ақпарат орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынған ресми материалдарға негізделеді.
Материалдарды жинау, жүйелеу және талдауды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК (ҚОҚ АТО) орындады.