Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1285383?lang=kk Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Қазақы тазы мен төбет күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан Кинологтар одағының өкілдері, кинологтар, ит өсірушілер, хендлерлер және ұлттық ит тұқымдарын сақтау мен дамытуға үлес қосып жүрген сала мамандары қатысты. Әлібек Қуантыров қатысушыларды мерекемен құттықтап, қазақы тазы мен төбетті сақтау, олардың асыл тұқымдық және табиғи қасиеттерін дамыту, сондай-ақ отандық кинологияны қолдау бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Салтанатты рәсім барысында ұлттық ит тұқымдарын сақтау, өсімін молайту және отандық кинологияны дамытуға үлес қосқан 20 азамат марапатталды. Оларға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Айта кетейік, биыл Қазақстанда Қазақы тазы мен төбет күні алғаш рет аталып өтіп отыр. Мерекелік дата ретінде 3 қыркүйектің таңдалуының өзіндік мәні бар. 2024 жылғы дәл осы күні Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын алдын ала танып, №372 халықаралық стандартын бекітті. Қазақстан тұқымның шыққан елі ретінде танылды. Қазіргі уақытта елімізде ұлттық ит тұқымдарын сақтау, асыл тұқымдық қорын қалыптастыру, қазақы тазының табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтап, халықаралық деңгейде таныту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті.
Author archive for: it_iacoos

3 қыркүйек – қазақы тазы мен төбет күні
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1284683?lang=kk 3 қыркүйекте Қазақстанда Қазақы тазы мен төбет күні алғаш рет аталып өтеді. Бұл дата 2024 жылы қазақ тазысының Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) тарапынан алдын ала танылғанткүніне орай белгіленді. 2024 жылғы 3 қыркүйекте Амстердамда FCI қазақ тазысын алдын ала тану туралы шешім қабылдады. Тұқымға №372 халықаралық стандарт бекітіліп, Қазақстан оның шыққан елі ретінде танылды. Қазақ тазысы ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен бірге жасасып, дәстүрлі аңшылықта пайдаланылған. Ұлттық тұқымды сақтау және оны халықаралық деңгейде таныту жұмыстары соңғы жылдары мемлекеттік деңгейде қолға алынды. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тұқымды сақтау және оны халықаралық деңгейде таныту жөнінде міндет қойды. 2023 жылы осы бағыттағы заңнамалық негіз қалыптастырылды. «Тазыны бүгінгі күнге жеткізген – оны ұрпақтан ұрпаққа сақтап келген аңшылардың, селекционерлердің, кинологтардың, ит иелері мен жанашыр азаматтардың еңбегі. Халықаралық деңгейде танылу – үлкен нәтиже. Бірақ біздің жұмысымыз мұнымен аяқталмайды. Ең бастысы – тазының тұқымдық ерекшеліктерін, генетикалық қорын, табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу», – деді Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. Бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымдық кітабында төрт мыңға жуық тазы тіркелген. Өңірлерде иттердің шығу тегі туралы мәліметтерді жинау, асыл тұқымдық есеп жүргізу және тұқымдық қасиеттерін сақтау жұмыстары жалғасуда. Қазақ тазысын халықаралық деңгейде таныту жұмыстары да жалғасып келеді....

Экология министрі «38 Соңғы нүкте» фильмінің алдын ала көрсетіліміне қатысты
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1284637?lang=kk Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «38. Последняя точка» көркем фильмінің...

Миф әлде шындық?
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1284246?lang=kk Полиэтилен пакеттердің табиғатта 2–3 жылда толық ыдырайтыны – миф. Полиэтилен өте баяу ыдырайды және қоршаған...

22 сәуір – Халықаралық планетаны көгалдандыру күні
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1283755?lang=kk БҰҰ Бас Ассамблеясының Қазақстанның бастамасымен 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялау туралы қарар қабылдауы – еліміздің экология саласында жүргізіп отырған жұмысына берілген маңызды халықаралық баға. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте ұсынған болатын. Қазақстанның ұсынысын әлемнің түрлі өңірлерінен 32 мемлекет қолдады. Қазақстанда көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Оның негізгі бағыттары – ормандарды қалпына келтіру, орман алқаптарын ұлғайту, шөлейттенудің алдын алу, климаттың өзгеру салдарын азайту және елді мекендерді көгалдандыру. 2021–2025 жылдары мемлекеттік орман қоры аумағында 1 млн гектардан астам жерде 1,6 млрд-тан астам көшет отырғызылып, тұқым себілді. 2026 жылы 210 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарланған. Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын 2027 жылдың соңына дейін орындау көзделіп отыр. Елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарыда жалғасуда. 2021–2025 жылдары жоспарланған 15 млн ағаштың орнына шамамен 18,4 млн ағаш отырғызылды. Алдағы уақытта аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерді көгалдандыруға, сондай-ақ қалалардың айналасында жасыл аймақтар құруға басымдық беріледі. Арал теңізінің құрғаған табанында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2021–2025 жылдары 1,1...

ЭКОФАКТ | Қаладағы жасыл желектердің қандай пайдасы бар?
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1283583?lang=kk Қаладағы ағаштар мен бұталар – қоршаған ортаның табиғи реттеушісі ғана емес, қалалық экологиялық инфрақұрылымның маңызды...

Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық планетаны көгалдандыру күнін жариялады
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1283482?lang=kk Нью-Йорк, 2026 жылғы 31 тамыз – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының бастамасымен әзірленген «Халықаралық планетаны көгалдандыру...
2025 жылға арналған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың жобасы
2025 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және ҚР табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың жобасы туралы 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның жай-күйі...

Астанада LCOY Kazakhstan 2026 Ұлттық жастар конференциясы өтті
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1282926?lang=kk 2026 жылғы 28–29 тамызда Астана қаласында LCOY Kazakhstan 2026 климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі Ұлттық жастар конференциясы...

Недзвецкий алмасының несі ерекше?
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1282682?lang=kk Бір қарағанда — кәдімгі жабайы алма. Бірақ жемісін кесіп көрсеңіз, айырмашылығы бірден байқалады. Недзвецкий алмасының қызыл...
