Астанада мұнай-газ компаниялары экологиялық жауапкершілігінің бірінші рейтингі қорытындылары шығарылды және жеңімпаздар марапатталды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 22 ақпанында Астана қ. ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен және Орталық Азияда қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы (UNEP-CA), CREON Capital мен Ұлттық рейтинг агенттігімен әріптестікте Ресейдегі Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) ұйымдастырылған Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының (МГК) экологиялық жауапкершілігінің бірінші рейтингі қорытындылары шығарылды.
Аталған іс-шараның аясында Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің бірінші рейтингі қорытындылары (әдістеме, есептер, нәтижелер) бойынша баяндамалар тыңдалды және Ресейдегі МГК экологиялық жауапкершілігінің 2017 жылғы рейтингі қорытындылары, сондай-ақ рейтинг жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің бірінші рейтингі таныстырылымындағы баяндамасында: «Мұнай-газ секторында ақпараттың қолжетімділігін анықтау бойынша тұрақты негізде жүргізілетін жұмыс жер қойнауын пайдаланушылардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға оң әсерін тигізетінін көріп отырмыз. Біздің елімізде рейтинг алғаш рет жүргізілді және аталған жұмыс компаниялардың ашықтығын бағалаудың дәстүрлі әдісіне айналып, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша мұнай-газ компаниялары қабылдайтын шаралардың әсерін күшейтуге мүмкіндік беретіндігіне үміттенеміз,» – деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Ғ. Сәдібеков.
Осы рейтинг Қазақстан аумағындағы компаниялардың қызметі туралы жиі кездесетін деректерге негізделген. Бұл қағидат әлеуметтік-жауапты бизнесті енгізу туралы тезистің логикалық жалғасы болып табылады. Рейтинг экологиялық жауапкершілікке байланысты мәселелерде отандық мұнай-газ компанияларының ақпараттық ашықтығының айтарлықтай жоғары деңгейде екенін көрсетті.
«КРЕОН» тобының бас директоры С. Тұргынов: «Төрт жыл бұрын «КРЕОН» тобы WWF-мен бірлесіп мүлде жаңа бастаманы ұсынды – мұнай –газ компанияларын пайда мөлшері немесе өндіру көлемі бойынша ғана емес, экологияға әсер ету деңгейі бойынша да бағалау. Біз осы тәжірибемен халықаралық деңгейде қуана бөлісеміз,» – деді.
16 компанияның экологиялық жауапкершілігінің деңгейі және олардың қызметінің қоршаған ортаға әсерінің ауқымы туралы объективті және салыстырмалы ақпарат Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық рейтингі пилоттық жобасының негізіне алынды.
Компаниялар деректерді ашу мәселесінде белсенді болып, жоба кәсіпорындардың ашықтығын арттырудағы шынайы ынталандыруға айналды.
Орталық Азия бойынша БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) офисінің басшысы Н. Алексеева: «Барлық тараптардың – мемлекет, жеке сектор, жұртшылықтың қатысуынсыз «Жасыл экономикаға» көшу мүмкін емес. Қазақстан үлгісінде 2015 жылы қабылданған тұрақты дамудың жаһандық мақсаттары тұрғысынан біз мұндай күшті біріктіруді және табиғат қорғау мақсаттарына жетудің маңыздылығын көрсете алғанымызға қуаныштымыз,» – деп айтты.
Бірінші рейтинг іріктеуіне мұнай және табиғи газ өндіру көлемдері бойынша көшбасшы 16 компания қатысты. Олар мынадай өлшемшарттар бойынша салыстырылды: экологиялық менеджмент, қоршаған ортаға әсер және ақпарат ашықтығы.
Есептеу қорытындысы бойынша 2017 жылдың рейтингін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бастады, екінші орында – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», үшінші орында – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ («ПетроКазахстан Инк.» өндіруші құрылымдық бөлімшесі).
Ресейдегі Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) табиғат қорғау саясаты бойынша директоры Е. Шварц: «Осы экологиялық жауапкершілік тетіктері әлеуметтік-экологиялық инновацияларды, қызметтің ашықтығын ынталандырады және тұтынушылық артықшылықты қалыптастыру кезінде, қаржы институттарының тәуекелдерін бағалау кезінде бизнес үшін нарықтық бәсекелес басымдыққа айналады», – деп атап өтті.
Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің рейтингін іске қосу өте маңызды әрі ол өндіру, тасымалдау және көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кезінде экологиялық тәуекелдерді басқару сапасын арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Рейтингті есептеу WWF әзірлеген және 2014-2017 жылдары Ресейде мақұлданған бірегей әдістеме негізінде жасалды.