Ғылыми ұйымдар жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге тартылатын болады – С. Брекешев геологиялық саланың кадр резервін күшейту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Үкіметтің бүгінгі отырысында Геологиялық саланы дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды. Экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика министрлері геология саласындағы жағдай туралы, сондай-ақ саланы дамыту үшін қандай шешімдер қабылданып жатқаны туралы баяндады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Геология саласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын ұсынып отыр.

«Қазақстан Республикасының жер қойнауындағы пайдалы қазбалар мемлекет экономикасын дамыту үшін негізгі мәнге ие. Бұл ретте, пайдалы қазбаларды қарқынды өндіруге байланысты геология саласының алдында тұрған басым сын-қатер – қорлардың төмен деңгейде толықтырылуы», — деді Серікқали Брекешев.

Бұдан басқа, көмірсутек шикізатын барлау үшін тартылатын инвестициялардың екі есеге жуық, яғни 140 млрд теңгеден 79 млрд теңгеге дейін төмендеуі байқалады. Бұл, негізінен, жалпы әлемдік төмен көміртекті саясатқа көшумен байланысты.

Бұдан өзге, геология саласының жай-күйі мен даму перспективаларына теріс әсер ететін проблемалардың ішінде:

– инфрақұрылымды және бизнес-процестерді цифрландырудың төмен деңгейі;

– кадрлардың тапшылығы;

– жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге ғылыми ұйымдардың жеткіліксіз деңгейде қатысуы;

– геологиялық ақпараттың сақталу инфрақұрылымының дамымауы секілді проблемаларды бөліп көрсетуге болады.

«Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – пайдалы қазбаларды барлауға инвестиция тарту үшін жағдай жасау», — деді экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

Ол үшін 2 нысаналы индикатор, 8 күтілетін нәтиже айқындалды және 36 іс-шара әзірленді.

Толығырақ: https://primeminister.kz/kz/news/gylymi-uyymdar-zher-koynauyn-memlekettik-geologiyalyk-zertteuge-tartylatyn-bolady-s-brekeshev-geologiyalyk-salanyn-kadr-rezervin-kusheytu-turaly-20115226